Шодиев халықаралық қоры Өзбекстанға коронавируспен күреске 200 млн доллар бөлді деген ақпарат — фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шодиев халықаралық қоры Өзбекстанға коронавируспен күреске 200 млн доллар бөлді деген ақпарат жалған. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шодиев халықаралық қоры Қазақстанның әлеуметтік желілерінің кейбір пайдаланушылары «Патох Шодиев Өзбекстанның коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларына 200 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді« деп жариялап жатқан мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігін ресми мәлімдейді», - делінген қор таратқан ақпаратта.

Шодиев халықаралық қоры (ICF) – Патох Шодиев 1996 жылы негізін қалаған үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Қор ТМД, Азия және Еуропа елдерінде қайырымдылық жобаларымен айналысады.

Соңғы жаңалықтар