+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

ШОБ жыл соңына дейін мемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босатылады

2020 жылғы 15 қазан 14:12
Бөлісіңіз:
ШОБ жыл соңына дейін мемлекеттік мүлікті жалдау ақысынан босатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес мемлекеттік мүлікті жалдау ақысын төлеуден босатылады. Бұл жайында Бизнес-омбудсмен аппараты басшысының міндетін атқарушы Шығыс Темір Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда мүмкіндігі шектеулі әйел балалар киімін тігетін шеберхана ашты Маңғыстаулық зергердің бұйымдары Ресей мен Украинада сұранысқа ие Маңғыстаулық кәсіпкер ешкі сүтінен табиғи өнімдер дайындайды


«Достар, тамаша жаңалық! Бүгін Ұлттық экономика министрінің жылдың соңына дейін мемлекеттік мүлікті жалдаудан ШОБ-ты босату туралы бұйрығы ресми жарияланды. Ұлттық экономика министрі 9 қазанда №75 бұйрықты қабылдады. Маңыздысы, біз қауіптеген 1 қыркүйектен емес 20 маусымнан бастап ақы төлеуден босататын болды. Бұл бұйрық мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ережесін 53-1-тармақпен толықтырады: «Жылжымайтын мүлік объектісін мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалдау ақысы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 2020 жылғы 20 маусымнан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде есептелмейді. Бұған дейін осындай босату 20 наурыз бен 20 маусым арасында енгізілген болатын. Осылайша, карантиндік шектеу енгізілуіне байланысты шағын және орта бизнес жалға алу ақысын 9 айдан астам төлемейді. Бизнес үнемдейтін жалпы сома болжамға сәйкес осы кезеңде шамамен 36 млрд теңгені құрайды«, - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұйрық ресми жарияланған күннен бастап, яғни 14 қазаннан күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT