ШҚО Зырян ауданындағы су тасқыны салдарын жоюға кеншілер кірісті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайының бірқалыпты болмауына қарамастан, қазір құтқарушылар күші мен құралдарының негізгі бөлігі Зырянов ауданына жіберілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Осы демалыста бірнеше өзен арнасынан тасып, 300 тұрғын үй мен ауланы су басты. Малеевск, Зубовск, Соловьево, Средигорное, сондай-ақ Зырян кенттері ең көп зардап шекті.

Су тасқынының салдарынан жоюға Қазмырыштың тау-байыту кешені белсенді атсалысуда.

«Малеевск және Зубовск кенттеріндегі су көлемін азайту үшін Бұқтырма өзенінің дамбасын ашып, бақылап отырмыз. Қайта құю көлемі 2500 текше метрді құрайды. Бұдан бөлек, ойылған жолдар мен суөткізгіш ғимараттарды қалпына келтіріп, Зыряндағы тұрғын үй алабындағы суларды айдап шығарып жатырмыз», - деді Зырян тау-байыту кешені мәселелері жөніндегі директордың орынбасары Ерлыхан Кабдувалиев.

Су тасқынының зардаптарын жоюға бөлінген техниканың көмегі тиген. Қазір компанияның зыряндықтарға қосымша қалай көмектесетіні шешіліп жатыр.

«Біз бұл мәселеден шет қалмай, барынша көмектесеміз. Қазір біздің бөлім жергілікті билікпен бірге жұмыс істеп жатыр», - деді компанияның әкімшілік мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Соңғы жаңалықтар