ШҚО: Зырян ауданында төтенше жағдай жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының тағы бір ауданында табиғат апатына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

«Зырян ауданы әкімінің бұйрығы бойынша, аудан аумағында ТЖ режимі жарияланды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, облыстағы Аягөз, Глубокое, Шемонаиха аудандарында, сондай-ақ Семей қаласында бұрынғыша ТЖ режимі сақталып отыр.

Еске салайық, Зырян ауданында өзендегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 300 үйді және 160 ауланы су алған. Кеше Бұқтырма өзеніндегі жағдайды бақылау үшін облыстық әкімдіктің әуе жасағы мен «Қазавиақұтқару» базасының үш тікұшағы шолу жасады. Олардың бірінде ШҚО әкімі мен облыстық департамент басшысы Нұрлан Мадьяров болды.

Құрамына жарылыс жұмыстары бойынша, жергілікті атқару органдары мамандары кірген жұмыс тобы әуеден сең жүру қаупі бар аумақтарды анықтады.

Сондай-ақ, кеше Зырян мен Бесқарағай аудандарының аумағында жару жұмыстары басталды. 





Соңғы жаңалықтар