ШҚО волонтерлері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын қолға алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында еріктілер «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО жастар ресурстық орталығының волонтерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік пакетін таратты. Акция «Эмиль» ЖШС мен облыстық Ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылған.

«Қажетті азық-түлікпен 8 ардагер мен тыл еңбеккері қамтамасыз етілді.Оларға мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келеді. Сұрапыл соғысқа қатысқан қарияларымызға алғысымызды жеткіздік, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық Волонтерлер фронт кеңсесінің жетекшісі Жансая Сержан.

Айта кетейік, волонтерлер соғыс ардагерлеріне қолдан келгенше көмек көрсетуде. Олар осы күнге дейін өңірде тұратын майдангерлердің үй шаруасына қолғабыс етіп келеді.

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Әсіресе, қазіргідей төтенше жағдай кезінде волонтерлердің жұмысы күшейе түседі.



Соңғы жаңалықтар