ШҚО түрмелерінде 254 медицина қызметкері еңбек етіп жүр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде 254 медицина қызметкері еңбек етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ҚАЖ департаментінің басшылығы мен жеке құрамы ақ халаттыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Рашат Мұхаметкалиевтің айтуынша, дәрігерлер үшін ең маңыздысы – аурудың алдын алу және өлімге жол бермеу.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан аумағында 11 түзету мекемесі бар. Онда төрт мыңға жуық сотталған адам жазасын өтеп жатыр. Осы сотталғандардың денсаулығын қадағалап, уақытылы көмек көрсету үшін 254 медицина қызметкері еңбек етіп келеді.

«Ақ халатты азбал жандарға мықты денсаулық, отбасына береке тілейміз. Сіздер өз тәжірибелеріңіз бен білімдеріңізді адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағыттап жүрсіздер. Осы өте маңызды жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз», - деді департамент бастығы, әділет полковнигі Жанболат Қалетаев.


Соңғы жаңалықтар