ШҚО туристік ақпараттық орталығының басшысы сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы С.Рамазанов сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «ШҚО туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы С.Рамазанов пен аталған орталықтың бас есепшісі Г.Ислямоваға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен тергеу амалдарын аяқтаған. Олар жанар-жағармай талондарын есептен шығару және азаматтарды жұмысқа орналастыру жолы арқылы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген еді.

«Осы жылдың 10 қаңтарында Өскемен қалалық № 2 сотының үкімімен аталған тұлғалар ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. С.Рамазановқа 2 жыл, Г.Ислямоваға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды», - делінген агенттік ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар