ШҚО тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 60 келіден астам шаян табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері «Алматы – Өскемен» тасжолында тоқтатылған көліктен заңсыз ауланған 60 келіден астам шаянды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Ерзат Нұрдыбаев, Айдын Советханов және Әсет Қизатов «Алматы – Өскемен» тасжолының 25 шақырымында «Mitsubishi» автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 45 жастағы ер адам болды.

«Тексеру барысында салоннан жалпы салмағы 66 келіні құрайтын 5 қап шаян табылды. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген материалдық залал мөлшері – 230 мың теңгені құрайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тиісті құжаттары жоқ жүргізуші шаянды Ұлан ауданындағы Шыбындыкөлден жеке тұтыну үшін аулағанын жеткізген. Жиналған материалдар Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына жолданды.


Соңғы жаңалықтар