ШҚО тұрғыны үйінің жертөлесінде марихуана өсірген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында үйінің жертөлесінде марихуана өсірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында Жарма ауданының 34 жастағы тұрғынының үйіне санкцияланған тінту жүргізді. Нәтижесінде үй жертөлесінде есірткі плантациясы табылды.

«Үй иесі марихуананы құмырада өсіріп, мұқият күтім жасаған. Жалпы салмағы жарты келіден асатын құрамында есірткі заты бар өсімдіктер тәркіленіп, тиісті сот сараптамасы жүргізілді», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес (құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар