+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

ШҚО тұрғыны суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды

2021 жылғы 3 тамыз 16:07
Бөлісіңіз:
ШҚО тұрғыны суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Әділхан Ауғалиұлы суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде өртенген пәтерде қалып қойған 5 жасар баланы көршісі құтқарды Алматыдағы Сайран көлінде жас жігіт құтқарылды ТЖМ: Суға кеткен балалардың 82 пайызында ата-анасы қараусыз қалдырған

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Таулы Үлбі су қоймасының жағасында демалып жатқан ер адам көмекке шақырған айқайды естіп қалады. Еш ойланбастан суға секірген ол батып бара жатқан қызды құтқарып қалған.

Департамент мамандарының айтуынша, бұл терең және ағыны қатты су айдынында қайғылы жағдайдың орын алу қаупі жоғары.

«Айқайды естігенде қыздың жақын жерде батып бара жатқанын бірден түсіндім. Құтқарушыларды шақыруға уақыт болмады. Мұндай сәтте әр секундтың құны алтынға бергісіз. Қыздың ту сыртынан жүзіп барып ұстап алдым да жағаға дейін алып шықтым», - деп бейбіт күннің батыры сол бір сын сағатты еске алды.

Осы ретте, ТЖД құтқарушылары өңір жұртшылығына су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT