ШҚО тұрғыны көршісінің 200 орама шөбін өртеп жіберген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында көршісінің шөбін өртеп, 1 млн теңге шығын келтірген ер адамқа қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жуықта Зайсан аудандық полиция бөліміне хабарласқан 36 жастағы азамат үй қоршауының сыртындағы 200 орама шөбін белгісіз біреудің өртеп жібергенін айтқан.

«Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына аттанды. Анықталғандай, үй иесі сол күні таңертең көршісімен бірге ішімдік ішкен. Арада біраз уақыт өткенде масайып қалған ауылдастардың арасында кикілжің шығып, екеуі үйді-үйлеріне тарасқан. Ренішін баса алмаған олардың бірі екіншісінің шөбін өртеген. Осының салдарынан жәбірленушіге 1 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстаған. Күдікті өз кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар