ШҚО тұрғыны карантин шектеуіне қарамастан қыз ұзату тойын өткізген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғынына қыз ұзату тойын өткізгені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шектеу шараларына қарамастан қыз ұзату тойын жасаған тұрғын үйіне 50-ге жуық қонақ шақырған. Жиналғандар санитария нормаларын сақтамаған.

«Үй иесіне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде 128 мониторинг тобы жұмыс істеп жүр. Олардың құрамына полиция қызметкері, жергілікті атқарушы орган өкілі және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары кіреді.

Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылды.



Соңғы жаңалықтар