ШҚО тұрғындарының жалған вакцинация туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылындағы тұрғындардың жалған вакцинация туралы шағымы негізінде қылмыстық іс қозғалды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Катонқарағай ауданының №2 аудандық ауруханасында вакцинацияланбаған тұрғындардың екпе алған адам ретінде тіркеліп жатқаны туралы видеоүндеу түріндегі шағымдар тараған. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы мәлімет бойынша ресми ақпарат берді.

«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адамды анықтау үшін бірқатар шаралар жүргізілуде. Видеодағы адамдар куәгер ретінде сұралып жатыр», - деп жазылған департаменттің баспасөз қызметі жолдаған деректе.



Соңғы жаңалықтар