ШҚО тұрғындарына төленетін біржолғы төлем туралы мессенджерлерде таратылған ақпарат жалған – Еңбек министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ШҚО тұрғындарына төленетін біржолғы төлем туралы мессенджерлерде таратылған ақпарат жалған, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Мессенджерлер арқылы таратылған 1949-1989 жж. Семей полигонындағы ядролық сынақтарға байланысты бір реттік жәрдемақы алу үшін Шығыс Қазақстан облысынан келген тұрғындар ХҚКО-ға жүгінуі керек деген ақпарат шындыққа жанаспайды», -делінген министрлік хабарламасында.

Экологиялық апат аймағында 1949 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрген азаматтар, сондай-ақ қазір осы аймақта тұрып жатқан адамдар ядролық сынақтарға байланысты жеңілдіктерге ала алады. Жеңілдіктер ресімдеу үшін азаматтарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарына емес, аудандық халықты жұмыспен қамту бөліміне жүгіну қажет.

Жәрдемақы алу шарттары туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.





Соңғы жаңалықтар