ШҚО тұрғындарына су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өңір жұртшылығына су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен «Қызыл ай» қоғамы облыстық филиалының еріктілері бірлесіп, су тасқыны қаупі бар ауыл тұрғындары үшін төтенше жағдай кезінде әрекет ету ережелері туралы шеберлік сағатын өткізді.

«Арнайы ұйымдастырылған семинарда Веселовка кентінің халқына су басқан кезде қауіпсіз орындарды анықтауды және арнайы манекеннің көмегімен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің дағдыларын үйретті. Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде әрбір әрекетті алдын ала жоспарлау қажеттігі түсіндірілді. Шеберлік сағатын ұйымдастыруға жергілікті атқарушы орган өкілдері қолдау танытты», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар шара барысында департамент құтқарушылары елді мекенге арнайы әкелінген мотопомпамен су сору жұмыстарының қалай жүргізілетінін, арнайы жабдықтардың қалай қолданылатындығын көрсетті. Осындай шеберлік сағатын Шығыс Қазақстанның 10-ға жуық ауылында өткізу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар