ШҚО трассасында дизель отынын тиеген жүк көлігі аударылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Алтай» тасжолының 65-шақырымында дизель отынын тиеген жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін сағат 12.20 шамасында болды.

«Дизель отынын тиеген КамАЗ-ды 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Ол Алтай қаласына қарай бара жатқан. Кенет ер адам рульге ие бола алмай қалып, жүк көлігі аударылған. Абырой болғанда өрт тұтанбады. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.

Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырды.


Соңғы жаңалықтар