ШҚО табиғи резерватында алтын өндірілген: Шығын 2,6 млрд теңгені құрады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдаланушылар табиғат қорғау заңнамасын бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасының бұзылғанын анықтады. Осының салдарынан табиғатқа аса ірі көлемде зиян келтірілген.

13 қарашада «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Тау-Дала филиалының Жарма орман шаруашылығы аумағында алтын өндіріліп келгені белгілі болды.

«Жер қойнауын пайдаланушылар Балқылдақ өзенінің бойынан 50-100 метр қашықтықта, яғни ерекше қорғалатын табиғи аумақта жер қазған. Бұл, табиғат қорғау заңнамасын бұзу. Олар жердің жоғарғы құнарлы қабатын алып тастап, оның төменгі қабаттарымен араласуына жол берді. Соның кесірінен жердің құнарлы қабаты бұзылған. Табиғатқа келтірілген материалдық залалдың жалпы мөлшері 2,6 миллиард теңгеден асады», - деп хабарлады инспекция өкілдері.

Қазіргі уақытта барлық материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген.


Соңғы жаңалықтар