ШҚО полицейлері видеожетондарды қалай қолданатыны тексерілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері полиция қызметкерлерінің бейнеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бахыттың айтуынша, қоғамдық мониторинг мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүмкіндік береді.

«Бейнежазбалар бірінші кезекте полицейлердің және жол қозғалысына қатысушылар тарапындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мақсатында жүргізіледі. Мұндай құрылғыларды пайдалану құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Осының арқасында біз полиция қызметкерлерінің барлық іс-әрекеттерін оңай қадағалап, мониторинг жасай аламыз және орын алуы ықтимал кез келген сыбайлас жемқорлықтың жолын кесеміз», - деді ол.

Облыстағы жол полициясының 200-ге жуық қызметкері бейнежетондар алған. Олардың кейбірі - жаңа үлгіде. Жетондар барлық әрекеттерді тіркеп қана қоймай, автоматты түрде Нұр-Сұлтанның электрондық базасымен үйлестіріліп, әрі қарай мониторинг жүргізу үшін деректерді жедел жіберуге мүмкіндік береді. Ескі бейнежетондарды 2021 жылдың басында толығымен ауыстыру жоспарланып отыр.

Деректерді жүктеу кезекті ауысымнан кейін бірден жүргізіледі. Базада сақталған деректерті 30 күн ішінде алуға болады. Бұл ретте, жаңа технологиялардың арқасында бейнематериалды толық қарап отырмай, нақты уақыт аралығындағы үзіндіні көруге де мүмкіндік жасалған.


Соңғы жаңалықтар