ШҚО полицейлері отбасыларымен бірге патриоттық әндер шырқады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау органы қызметкерлері Тұңғыш Президент күніне орай патриоттық әндер орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі ішкі істер органы саласының қызметкерлері отбасыларымен сахнаға шығып, Елбасының сөздеріне жазылған патриоттық әндерді орындады. Шара барысында облыстық Полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев жеке құрамды айтулы күнмен құттықтады.

«Президент «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ІІМ жүйесін ерекше атап өтті.  Азаматтардың конституциялық құқығы, еркіндігі мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шаралар құқық қорғау органдарының негізгі міндеттері болып табылады» - деді Ж.Бақтыбаев. 
null 

Іс-шара барысында, сондай-ақ қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып жүрген полицейлер марапатталды.

Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 86 қызметкер мінсіз қызметі үшін көтермеленді, соның ішінде 40 полиция қызметкері ШҚО ПД грамоталарымен марапатталып, 33 полицейге алғыс жарияланды.

null 

Соңғы жаңалықтар