ШҚО полицейлері қарға батқан көліктерді шығарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жүк көлігін қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үржар аудандық полиция бөліміне хабарласқан азамат Тасбұлақ ауылына қарай көмір тасып бара жатқан кезде «Таскескен-Бақты» республикалық маңызы бар тасжолда жүк көлігінің қарға батып қалғанын айтқан.

«Жүргізушіге көмек көрсету үшін тәртіп сақшылары Нұрбол Баженов, Талант Нұрғожанов және Айдар Саматеев сол жерге аттанды. Олар ауыл тұрғындарымен жолды қардан тазартты. Одан кейін арнайы техникамен 3 күннің ішінде жүк көлігін қар құрсауынан шығарды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ полицейлер қарға батқан екі жеңіл көлік жүргізушісіне де көмектескен. Өз кезегінде азаматтар сақшыларға алғыстарын білдірді.


Соңғы жаңалықтар