ШҚО полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғынының көлігі мен гаражынан есірткі табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өткізген арнайы операция барысында заңсыз айналымдағы есірткі тәркіленді.

«37 жастағы ер адамның Volkswagen Passat көлігінен полимерлі пакеттегі өткір иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат табылды. Бұдан бөлек, оның гаражынан дәл осындай зат салынған 5 қорап анықталған. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, бұл кептірілген марихуана болып шықты. Сондай-ақ тінту барысында күдіктіден 200 мың теңге тәркіленген», - делінген ведомство мәліметінде.

Есірткінің жалпы салмағы 43 келіден асады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткiні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар