ШҚО полицейлері бір күнде 9 млн теңгеден астам айыппұл өндірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Барышкер» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бір күн ішінде тәртіп сақшылары борышкерлерден 9 млн теңгеден астам айыппұл өндірді.

«Полиция қызметкерлері айыппұл төлеуден жалтарғаны үшін Ресей Федерациясы мен Армения Республикасында тіркелген бес автокөлікті анықтап, айыппұл тұрағына жеткізді. Әкімшілік құқықбұзушылық жасағандардың 255 мың теңге мөлшерінде қарызы болған», - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Кәлетаев.

Полицейлер сот орындаушыларымен бірге 120-дан астам рейд өткізді.

Айта кетейік, заң бойынша борышкерлер әкімшілік хаттама толтырылған күннен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50%-ын қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеуге құқылы.

Өңірде «Барышкер» жедел алдын алу шарасы 21-23 желтоқсан аралығында жалғасады.


Соңғы жаңалықтар