ШҚО мектептерінде болашақ инженерлерді дайындайтын болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында инженерлер тапшылығын шешу үшін мектептерде арнайы сабақтар енгізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы жылдары өңірде инженерлік мамандықты таңдайтын түлектер азайып кеткен. Келешекте бұл осы салада маман тапшылығын күшейе түсуі әбден мүмкін. Бұл жайлы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов мәлім етті.

«Болашақ студенттер техникалық мамандықтар бойынша оқудың қиын екендігін түсінеді. Себебі инженер атану үшін физика мен математика пәндерінен жоғары білім болуы қажет. Өкінішке қарай, мектептерде физика-математикалық дайындыққа тиісті көңіл бөлінбеуде. Бұл мәселе әсіресе ауылдарда өте өзекті», - деді ол.

Ректордың айтуынша, университет «Инженерлік сыныптар» жобасын іске асыруды бастады. Қазір өңірдегі физика және математика пәндері тереңдетіліп оқытылатын 11 мектепте осындай сынып ашылған.

«Осы жылы тағы 14 білім ордасына инженерлік сыныптарды енгіземіз. 7-сыныптан бастап балалар мамандандырылған пәндерді тереңірек зерттеп, университетте практикалық дайындықтан өтеді. Осылайша олар мектеп бітіргенде болашақ мамандығын еркін меңгере алады», - деді Жасұлан Шаймарданов.


Соңғы жаңалықтар