ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып Жанболат Қалетаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып Жанболат Қалетаев тағайындалды.

Жанболат Аманұлы – Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет етуде.

Облыстық Полиция департаментінің бөліністерінде біраз жылдар басшылық лауазымдар атқарған. Осы қызметке дейін ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып еңбек етті.



Соңғы жаңалықтар