ШҚО құтқарушылары автобусы жолда қалып қойған хоккейшілерге көмектесті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жас хоккейшілердің үйлеріне жетуіне көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖ департаменті мәлім еткендей, 23 ақпанда облыста бұрқасын мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланған. Соның салдарынан «Өскемен-Искитим-Өскемен» бағытындағы автобус Березовка ауылы маңында тік өрге шыға алмай, қалаға 50 шақырым жерде қалып қойған.

«Автобуста 25 адам болған, соның ішінде 18-і балалар. Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен жолға шығып, өздеріне автобустағы барлық жолаушыны мінгізіп, қалаға жеткізген», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.


Департаменттің мәліметінше, олар Өскеменге жақындаған тұста автобус қуып жеткен. Автобустың өрге көтерілуіне жол қызметі көмектескен. Жас хоккейшілер командасы өз автобусына отырып, әрі қарай сапарын жалғастырған.

Автор: Орал Ерланұлы


Соңғы жаңалықтар