ШҚО халқының 70 пайыздан астамы вакцинаның екі компонентін салдырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 70 пайыздан астам вакцинаның екі компонентін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 25 қазандағы жағдай бойынша өңір халқының 83,2%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

Ал вакциналау процедурасын толық аяқтағандар үлесі – 72,3%-ды құрап отыр.

«Облыста вакцинаның екі компонентін алған тұрғындар саны бойынша Үржар (жалпы тұрғындар санының 95,3 пайызы), Бесқарағай (94,4%) және Зайсан (92,7%) аудандары көш басында. Ал ең төменгі орында Өскемен қаласы (62,6%) мен Глубокое (61,8%), Шемонаиха (55,9%) аудандары тұр», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Шығыс Қазақстанда 102 адам COVID-19 инфекциясына шалдыққан.



Соңғы жаңалықтар