ШҚО-ға шетелдік инвестор құны 250 млн долларды құрайтын ферма салмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында шетелдік инвестор құны 250 млн АҚШ долларын құрайтын мал шаруашылығы фермасын салмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов инвестормен жолығып, келіссөз жүргізді.

«Өңірдің географиялық жағдайы шетелдік инвесторларды қызықтыратындығы анық. Өйткені, өсірген және қайта өңделген өнімдерді Қытай мен Ресей елдерінің үлкен нарығына жеткізуге болады. Біз дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен экспорттау көлемін арттыруға мүдделіміз. Агробизнес пен жоғары үстеме құны бар шикізаттық емес тауарлар экспорты – бұл ауылды жерлерде ашылатын жаңа жұмыс орындары, қосымша салық түсімі, аймақ экономикасының өсіміне оң серпін береді», - деді әкім.⠀

Оның айтуынша, жақын арада инвестициялық жобаның жол картасы әзірленбек. Онда құрылыстың мерзімдері мен көлемі ғана емес, инвестор тарапынан жобаны қаржылық қамтамасыз етудің барлық механизмдері мен көздері де көрсетілетін болады.

«Біз жұмыс істегісі келетін, ниеті дұрыс инвесторларды қолдауға дайынбыз. Әрине олар Қазақстанның заңын, әсіресе жер қатынастары саласындағы талаптарды бұзбауы тиіс», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар