ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Алмат Ақышов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмат Талғатұлы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін туризм мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясын экономика және бизнес мамандығы бойынша, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын өңірлік даму магистрі біліктілігі бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын елордадағы «Қазақстан орталық концерт залы» әкімшілік-шаруашылық бөлімінің билет бақылаушысынан бастаған.

2012 жылдан бастап Өскемен қалалық туризмді дамыту бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.

Кейін «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» КМҚК ұйымдастыру бөлімінің басшысы болды.

2015 жылдың маусымынан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінде сарапшы және бас сарапшы лауазымдарында қызмет етті.

2018-2020 жылдары ШҚО Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы болған.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін ШҚО Аягөз ауданы әкімінің экономика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, Алмат Ақышев - ҚР Президенті жастар кадр резервінің мүшесі.


Соңғы жаңалықтар