ШҚО дәрігерлері үш ауысымда жұмыс істеуі мүмкін

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО денсаулық басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан өңірдегі дәрігерлердің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәрігерлердің арнайы тізімі жасалған. Қажет болған жағдайда ақ халаттылар 3 ауысымда жұмыс істейді. Бір ауысымда жұқпалы аурулар жөніндегі маман, реаниматолог, екі медбике мен екі санитардан құралған бригада болуы керек», - дейді ол.

Сондай-ақ облыс бойынша коронавирус күдігі бар науқастарды тексеріп, тасымалдайтын арнайы жедел жәрдем топтары құрылған.

«Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымын ескере отырып, IV санаттағы шақыртуларға (температура, қан қысымының көтерілуі) қызмет көрсететін қосымша көліктер жұмылдырылды. Бұдан бөлек, аймақта жедел жәрдемге көмек ретінде тағы да 100 көлік қарастырылған», - дейді Ілияс Мұхамеджан.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 14 адамның карантинде жатқаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар