ШҚО-дағы Үржар ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметовтың өкімімен Нұржан Тоқсейітов Үржар ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін Алтай ауданын басқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұржан Тоқсейітов 1960 жылы 6 шілдеде Семей облысы Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылы Бесқарағай ауданы «Семеновский» совхозында жұмысшы болып бастаған.

1979-1981 жылдар аралығында Германия Демократиялық Республикасында әскери міндетін өтеген.

1981 жылы Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтына қабылданады. Институтты бітіргеннен кейін 4 жыл мал дәрігері болып жұмыс істеп,1990 жылы Мәскеу қаласындағы Я.Р.Коваленко атындағы Бүкілресейлік тәжірибелі ветеринария ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына түседі. Оқуды аяқтаған соң осы институтта еңбек жолын ғылыми қызметкер ретінде кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғағанға дейін жалғастырады.

1994 жылы Мәскеу қаласында Біріккен ресей-венгер кәсіпорнына жетекші маман болып жұмысқа орналасқан.

1995-1998 жылдары «Семей-Агро» ЖШС, «Ақбұлақ» АҚ, «Кен-Холдинг» ЖШС жетекшілік етеді.


2000-2003 жылдар аралығында – Шығыс Қазақстан облысы жануарлар мен өсімдіктер әлемі мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасының басшысы. Осы басқарманың қайта құрылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысы балық қорын қорғау инспекциясының ұйымдастыру құқықтық бөлімінің басшысы болып тағайындалады.

2003-2008 жылдар аралығында – Алматы қаласындағы «Алрун» ЖШС бас директоры.

2008-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған.

2010-2015 жылдары – Зырян ауданы әкімінің орынбасары, 2015 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында – Ветеринария басқармасының басшысы, содан кейін – Бесқарағай ауданының әкімі лауазымдарын атқарады.

2017 жылдың наурызынан бастап осы күнге дейін Алтай ауданын басқарды.


Соңғы жаңалықтар