ШҚО-дағы стационарларда 257 адам коронавирустан емделіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 257 адам коронавирустан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 229 адам тіркелді. Оның ішіндегі 194 науқаста симптом бар болса, 35 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 52 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 257 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 12,6 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 9 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.
Соңғы жаңалықтар