ШҚО-дағы өрттің 160-тан астамы электр қауіпсіздігін сақтамаудан болған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаудан 160-тан астам өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың басынан бері өңір бойынша 585 өрт тұтанған. Оның 160-тан астамы электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болған.

Мәселен, 17 маусым күні Үржар ауданында жеке тұрғын үйдің ауласындағы шаруашылық қора-жайдың ағаш бөліктері отқа оранды. Өрт шығуының алдын ала себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

«Дәл осындай себеппен сол күні Глубокое ауданындағы 2 пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Қызыл жалын көрші пәтерге де тарады. Шатыр, терезе және есік блоктары, жиһаз, тұрмыстық техника, жеке заттары өртеніп кетті. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 80 шаршы метр болатын жалынды толықтай ауыздықтады», - делінген департамент ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар