ШҚО-дағы өрт: Вице-министр Риддерге аттанды
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«Риддер қаласында жедел желі телефондары жұмыс істейді: 8 (72336) 42941;8 777 991 32.
Эвакуациялық пункттер келесі мекен-жайлар бойынша ұйымдастырылды:
1. Риддер агротехникалық колледжі
Тел.: 8 705 762 8065 Мекенжайы: Абай Көшесі, 65
2. «Қазцинк» профилакторий амбулаторлық орталығы базасындағы қонақ үй. Тел.: 8 771 305 18 53; мекенжайы: Гоголь к., 55а.», - деп жазылған департаменттің мәліметінде.
Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ҚазАқпарат тілшісіне өрттің беті әлі қайтпағанын айтты.
«Өрт әлі басылған жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков ұшып шықты», - деді Талғат Уәли.
Қазіргі таңда Риддер қаласының әкімі өрттен қауіптеніп баспанасын тастап шыққан тұрғындардың санын анықтап жатыр.