ШҚО-дағы орман өрттерінің 60 %-на найзағай себеп болған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 814,1 гектар аумақты қамтыған 74 орман өрті тіркелді, оның 60 %-ы найзағайдан тұтанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтағы төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 36 өрт тұрғындардың отты абайсыз қолдануының салдарынан туған.

«Өрттің қауіпті кезеңі басталғаннан бері Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары күшейтілген қызмет түріне көшті. Тұтануды бастапқы сатыда қадағалау үшін ТЖД мамандары космомониторингті пайдаланады. Бүгінгі таңда ғарыштық технологияның көмегімен 482 термиялық нүкте тіркелді, оларды Өрт сөндіру бөлімшелері жедел пысықтады және өрттің одан әрі таралуына жол бермеді», - деп жазды ведомстводан.

ТЖД күн сайын аэровизуалды тексеру көмегімен жағдайға мониторинг жасалатынын атап өткен. 22 маусымда 5 ұшу жүзеге асырылған.

«Ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөпті бақылаусыз жағу, орылған шөпті өртеу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау шараларына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336, 410-баптары бойынша жауапкершілік көзделген. Қазірге дейін 336-бапты бұзғаны үшін 11 және 410-бап бойынша 28 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлімдеді ведомство.

Соңғы жаңалықтар