ШҚО-дағы «Қазақмыс» кенішінде жұмысшы көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында жазатайым оқиғаның салдарынан кен орнының қызметкері ажал құшты. Бұл туралы «Қазақмыс» тобынының баспасөз қызметінен хабарлады.

2014 жылғы 4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында орналасқан Артемьев шахтасында жүкті тиеу-түсіру жұмыстары учаскесінде өзі жүретін көлік құралының әсерінен кен орнындағы қызметкер көз жұмды», делінген таратылған мәліметте.

Компанияның хабарлауынша, жазатайым оқиғаның мән-жайы анықталуда. Осыған байланысты оны тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды.

«Қазақмыс» тобының қызметкерлері осы қайғылы оқиғадан қаза тапқан азаматшаның отбасына, әріптестеріне, достарына және туысқандарына шын көңілден қайғырып, көңіл айтады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар