ШҚО-дағы демалыс орындарының дені туристерді қабылдауға дайын емес

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс орындарының көбісі туристерді қабылдауға дайын емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша шомылуға рұқсат етілген 16 учаске бар. Мұнда 80-ге жуық демалыс базасы орналасқан. Бірақ әзірге олардың көбісі қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмей отыр.

«Бүгінде демалыс орындарының 69-ына тексеру жүргізілді. Белгілі болғандай, олардың тек 15-інде арнайы дайындалған құтқарушылар бар. Демек, сол базалар ғана жұмыс істеуге рұқсат ала алады», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Жалпы облыста суға түсуге қатаң тыйым салынған 64 орын бар. Дәл осы жерлерде қайғылы жағдайлар жиі тіркеліп жатады.

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 5 адам, оның ішінде 4 бала суға кеткен.


Соңғы жаңалықтар