ШҚО-дағы демалыс базаларына туристерді қабылдауға рұқсат берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс базаларына туристерді қабылдауға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша туристік-рекреациялық аймақтарда орналасқан барлық демалыс базаларының жұмысына рұқсат берілді. Бірақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим, термометрия, маска тағу тәртібі және әлеуметтік қашықтық қатаң сақталуы тиіс.

- Мониторингтік топтар «ASHYQ» жобасына қатысушы кәсіпкерлік объектілерге рейдтер жүргізетін болады. Сондай-ақ аталған жобадан шығарылған нысандардың қызметін заңсыз қайта бастауға жол бермеу үшін оларды ерекше бақылауда ұстайды, - делінген құжатта.

Облыстың туристік-рекреациялық аймақтарында орналасқан объектілердің кіреберісіне келуші статусын анықтау үшін «ASHYQ» мобильді қосымшасының арнайы QR-кодын сканерлеу және көрсету шартымен ғана жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар