ШҚО-дағы бұрынғы аурухананың ғимараты көпқабатты жайлы тұрғын үйге айналады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы бұрынғы аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстың Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың хабарлауынша, аурухана ғимаратын тұрғын үйге айналдыру туралы шешім тұрғындардың баспана мәселесін шешу мақсатында 2011 жылы қабылданып, ғимарат тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріле бастаған. Бүгінде мұнда 14 көпбалалы отбасы тұрады. Алайда ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданына жұмыс сапары барысында аталмыш тұрғын үй иелерімен кездесті.

Басқосу барысында аймақ басшысы облыстық бюджет есебінен қаражат бөлініп, мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аула абаттандырылып, барлық коммуникациялық желілер жаңартылатынын атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстарды Тарбағатай ауданының жаңа әкімі Асхат Исмаилов бақылауда ұстайтын болды.

Бұл көпқабатты тұрғын үйдің иелері абаттандыру жұмыстарына жергілікті тұрғындар да қолғабыс ететінін айтты.

«Көпбалалы отбасылар жеке қаражаттары есебінен мұндай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайды. Сондықтан біз алдағы уақытта олардың тұрғын үйлері қайта қалпына келтірілетініне қуаныштымыз. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң осы аулада мереке ұйымдастырамыз», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар