ШҚО-дағы 2 блокпосттың орны ауыстырылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы екі блокпосттың орны өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаланың кіреберісіндегі 2 блокпосттың орны ауыстырылды. Мұндағы мақсат – постардың жұмыс тиімділігін арттыру.

«Қазіргі уақытта «Өскемен-Шемонаиха» және «Өскемен-Алтай» тасжолдарындағы блокпосттар жылжытылған. Бірақ ондағы жұмыс режимі өзгертілген жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, енгізілген қосымша шектеулерге сәйкес Өскемен мен Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілген. Өскемен 200, Семей 202 шаршы аумаққа бөлінді. Күш құрылымдары үш ауысым бойынша жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар