ШҚО-дағы 146 мұздақ көлге тікұшақпен барлау жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мұздақ көлдерге тікұшақпен барлау жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 146 мұздақ көл бар. Қыркүйек айының соңына дейін бұл көлдер қатып қалмайынша, «Қазселденқорғау» ШҚОФ мамандары мен ТЖД қызметкерлері бақылау жүргізеді. Сондай-ақ Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай, Үржар аудандарындағы және Риддер қаласындағы сел қаупі бар учаскелер үнемі бақылауда.

Жуықта «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен мұздақ көлдерге, Алтай ауданындағы Тұрғұсын өзені бассейніне, Риддер қаласындағы Громотуха, Белая Уба өзеніне және Катонқарағай ауданының Сарымсақты, Берел, Бұқтырма өзеніне аэровизуалды зерттеу жүргізілген. Белгілі болғандай, тау жоталарында қар жамылғысы жоқ. Тек солтүстік беткейлерде аздаған қар байқалады.

«Облыстағы сел, су тасқыны және көшкін жағдайы тұрақты. Зерттелген көлдер елді мекендерге, шаруашылық объектілерге еш қауіп төндірмейді» – деді ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.


Соңғы жаңалықтар