ШҚО-да жыл соңына дейін 50-ге жуық ауыл ауызсумен қамтамасыз етілмек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы тұрғындарының 96%-ы жыл соңына дейін таза ауызсумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Жарма ауданы әкімінің орынбасары Айдар Ибраев «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Аршалы, Кіші Қарасу, Қапай батыр ауылдарына су құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оған 835 млн теңге бөлінген. Су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 31 шақырымды құрайды.

«Қапай батыр мен Аршалы ауылдарында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Бұдан бөлек, облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Қапанбұлақ, Кеңтарлау, Қоңырбиік, Балықтыкөл ауылдарына блоктік-модульдік станциялар орнатылуда», - деді А.Ибраев.

Осылайша, жыл қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 96%-ы таза ауызсумен қамтамасыз етілмек.

Талғатжан Мұхаметбекұлы


Соңғы жаңалықтар