ШҚО-да жыл басынан бері жол апатынан 52 бала жарақат алған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 52 бала жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша «Абайлаңыз, балалар!» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Соның аясында полицейлер жергілікті атқарушы орган өкілдерімен, білім беру, денсаулық сақтау салаларының және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерімен бірлесіп мектеп және оған дейінгі жалпы білім беру мекемелерінде балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақат алуының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын қолға алған.

«Екі күннің ішінде тәртіп сақшылары 467 жол ережесін бұзу фактісін анықтады. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқандарға жол бермеген 33 жүргізуші жауапқа тартылған. Сондай-ақ 30 адам бүлдіршіндерді арнайы креслосыз тасымалдаған», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері облыс аумағында кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қатысуымен 46 жол апаты тіркелді. Осының салдарынан 1 бала көз жұмып, 52 бала әртүрлі дәрежедегі дене жарақат алған.


Соңғы жаңалықтар