ШҚО-да жұма намазында жамағат қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуда, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.

Әлем мұсылмандары үшін қадірлі болып саналатын Рамазан айының соңғы жұмасы біздің елімізде 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнімен тұспа-тұс келді. Осы қайғылы күнге орай Шығыс Қазақстан облысының барлық мешіттерінде жұма намазына жиналған жамағатқа уағызбен бірге зобалаң жылдарды бастан кешкен қазақ халқының тарихы туралы да айтылды. Атап айтар болсақ, бір ғана Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітіне жиналған 3 мыңнан астам жамағат жиналды. ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай зобалаң жылдарды бастан кешкен халықтың зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары бүгінгі бейбіт заман ұрпақтарының есінде мәңгі сақталатынын, бұл күннің Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие екендігін атап айтты.

Өзінің уағызында Ермек Мұқатай "Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Олардың ішінде қазақстандық ғылым, мәдениет, өнер, зиялы қауым мен қоғам өкілдері болды. Бұл санға жаппай ашаршылықтың құрбандарын қосыңыз. Болашақ ұрпақты өткеннің қателігінен сақтау үшін, xалқымыздың сол қасіреті туралы естелікті сақтау маңызды" екенін айтты.

Уағыз соңында ҚМДБ-ға қарасты облыс аумағындағы барлық мешіттерде қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Құран бағыштап, өткен тариxқа тағзым етіп тарқасты.

Соңғы жаңалықтар