+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

ШҚО-да жүк көлігі аударылып, 2 адам көз жұмды

2021 жылғы 15 мамыр 15:00
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жүк көлігі аударылып, 2 адам көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында отқа оранған жүк көлігінен 2 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда автокөлік қағып кеткен велосипед мінген ер адам ауруханаға жеткізілді Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапты Атырау облысында жүк көлігі басқан жігіт мерт болды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 мамыр күні «Өскемен-Алтай» тасжолының 25 шақырымында «Вольво» маркалы жүк көлігі аударылып түскен.

Жол апатының салдарынан көлік шанағы жанған.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 9 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Өртті өшіру кезінде 2 мәйіт табылған. Қаза болған азаматтардың жеке бастары анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізілмек.

Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 5 техника жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 15 құтқарушы жер үйдегі өртті сөндіргенін хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT