ШҚО-да жолда қалған 218 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран салдарынан жолда қалған 218 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде 28-29 қаңтар күндері дауылды ескерту жарияланған болатын. Осы екі күнде тұрғындарға жолдардың жабылғандығы туралы 15 СМС-хабарлама жіберілген.

«Жедел штабқа 40-тан астам адам қоңырау шалып, көмек сұрады. Анықталғандай, 102 жеңіл автокөлік, 3 автобус, 13 жүк көлігі жолда қалып қойған. Сол жерлерге бірден аттанған құтқарушылар 218 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Бұдан бөлек, қар құрсауынан 70 адам құтқарылды. Оның ішінде 11 бала бар», делінген ведомство мәліметінде.

Қазіргі уақытта өңірдегі республикалық маңыздағы 8, облыстық маңыздағы 13 жол жабық.


Соңғы жаңалықтар