ШҚО-да жол ережесін бұзудың 4 мыңнан астам фактісі тіркелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 3 күнге созылған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шара барысында тәртіп сақшылары жол ережесін бұзудың 3776 фактісін тіркеді. Оның ішінде 40-ы қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты болып отыр.

Мас күйде көлік тізгіндеген 50 жүргізуші ұсталды. Қарсы жолаққа шыққан – 26, жымдамдықты асырған – 228 адам жауапқа тартылған. Сондай-ақ заңбұзушылық жасаған 770-ке жуық жаяу жүргінші анықталды.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын жүргізу кезінде 124 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Көлік жүргізу құқығынан айырылса да ішімдік ішіп алып рульге отырғандар да болды. Осындай 4 жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Мәселен, 17 ақпанда кешкі сағат 22:30-да Карбышев көшесінде полицейлер «Мitsubishi FTO» көлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде отырған 23 жастағы жігіттің сот қаулысымен жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды. Аузынан алкогольді ішімдіктің иісі байқалғандықтан ол наркологиялық диспансерге жеткізілген. Сол жерде ер адамның ащы судан ұрттағандығы белгілі болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар