ШҚО-да жоғалып кеткен балықшыларды іздеу жалғасуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен балықшыларды іздестіру жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД құтқарушылары 20 қарашада Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде жоғалып кеткен 1990 және 1981 жылғы екі балықшыны іздеуді жалғастыруда.

«Құтқарушылар хабар түсе салысымен оқиға орнына әкімдік өкілдерімен бірге дереу келіп жеткен болатын. Бірінші кезекте Тарбағатай ауданының жергілікті балықшыларының қайыққа шығу мүмкіндігі қарастырылды. Алайда ауа райының өзгеруінен, атап айтқанда қабыршақ мұздың салдарынан катермен шығуға мүмкіндік болмады. Күршім ауданы Ақсуат ауылы жағынан да осындай жағдай қалыптасты, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

21 қараша күні Зайсан көлінде аэровизуалды тексеру жүргізу және балықшыларды іздеу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ШҚО әкімдігінің МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған. Сағат 13.06-да жергілікті тұрғындар жағадан 1 шақырым қашықтықта жоғалған балықшылардың қайығының бос бензин багын тауып алды. Іздеуге тұрғындар (20 жеңіл автокөлік, 50 адам, 1 квадрокоптер), полиция (3 бірлік техника, 10 қызметкер, 1 квадрокоптер), ШҚО ТЖД-дан 10 құтқарушы қатысқан.


«22 қарашада ТЖД ЖҚЖ сүңгуірлері арнайы жабдықтың көмегімен күні бойы мұз астынан іздеу жұмыстарын жүргізді. Іздеуге жергілікті тұрғандар да белсене қатысты. Кешке қарай қайық табылды. Құтқарушылар мен тұрғындар қайықты мұз астынан алып шықты. 23 қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін күні бойы сүңгуірлер суасты іздеу жұмыстарын жүргізуде. 27-29 қараша аралығында күртеше, балық толған қап және ау табылған. Күнделікті 30 балықшы құтқарушыларға көмек ретінде жағалаудан 1,5 шақырымды сүзіп өтуде, - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар