ШҚО-да жоғалған 6 жасар бала үйлердің ауласынан табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған баланы екі сағат ішінде тауып, ата-анасына жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жексенбі күні, кешкі сағат тоғыз шамасында қала тұрғыны қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген 5518 әскери бөлім сарбаздарына 6 жасар баласын тауып беруін сұраған. Әйелдің айтуынша, баласы Қабанбай батыр көшесіндегі аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен.

«Мұндай кезде салғырттық танытуға болмайды. Cебебі мұның арты орны толмас қайғымен аяқталуы мүмкін. Сондықтан, бүлдіршінді қалайда тез арада табуға тырыстық», – дейді әскери жасақ бастығы Фархат Саршинов.

Екі сағатқа созылған іздеу жұмыстары барысында әскери жасақ Лев Толстой көшесіндегі аулалардың бірінде түр-сипаты сәйкес келетін балақайды байқап қалады. Аты-жөні мен мекенжайын сұрастырғаннан кейін оның жоғалған бала екені анықталып, ата-анасына қайтарылды.


Соңғы жаңалықтар