ШҚО-да жезөкшелер притонын ұйымдастырғандар 5 жылға сотталуы мүмкін

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жүргізген рейд барысында 14 жезөкше анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Stop-трафик» жедел-алдын алу шарасын өткізді.

«Шара барысында Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған 5 притон ұстағандығы анықталды. Қазіргі уақытта осыған қатысты ҚР ҚК 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәсін мойындап отыр. Енді олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 46 факті және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 2 факті тіркелді. Профилактикалық есепке 17 адам қойылды. Оның ішінде «жеңгетай» санаты бойынша - 3 адам, «жезөкше» санатымен - 14 адам.


Соңғы жаңалықтар