ШҚО-да жеңіл көлік салонына ұрланған жылқыны тірідей салып алған ер адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жылқы ұрлап, жеңіл көлік салонына тірідей салып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31 жастағы ер адам еркін жайылымнан мал ұрлаумен айналысқан. Ол малды тірідей көлік салонының артқы орындығына салып, алып кеткен. Полиция қызметкерлері Ұлан ауданының тұрғынын қыркүйек айының басында кезекті ұрлық үстінде ұстады.

«Күдіктінің көлігін тоқтатқан тәртіп сақшылары іште жатқан тірі жылқыны көрді. Ер адам бірден полиция бөліміне жеткізілген. Біршама уақыттан кейін жылқының иесі табылды. Ол малының жоғалғандығы туралы мүлде білмеген», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (мал ұрлығы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған дейін бірнеше жылқы мен бұзау ұрлағандығы анықталып отыр.


Соңғы жаңалықтар